Accessibility links

Теңге депозитіне өтемақы төлеуге өтініш беру күні ұзарды


Алматыдағы ұлттық банктің бас кеңсесі. (Көрнекі сурет).
Алматыдағы ұлттық банктің бас кеңсесі. (Көрнекі сурет).

Қазақстан ұлттық банкі салымшылардан банктерге салған ақшасы бойынша өтемақы төлеу туралы өтініш беру мерзімін 2015 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартты. Ұлттық банктің хабарлауынша, бұл шешім теңгемен депозит ашқан, өтемақы алуға құқығы бар салымшыларды толық қамту үшін және банктердің өз өтініші бойынша қабылданған.

Өтемақы екінші деңгейлі банктер мен «Қазпоштада» ашқан депозитіндегі ақшасы бір миллион теңгеден аспайтын клиенттерге ғана төленеді. Ереже бойынша, депозиттегі ақша банкте кемінде бір жыл сақталған болуы тиіс.

Ұлттық банк бұған дейін валюта бағамының айырмасы үшін өтемақы 2015 жылдың 18 тамызына дейін коммерциялық банктерде депозитінде бір миллион теңгеге дейін қаржысы болған екі миллионға жуық салымшыға төленетінін хабарлаған.

20 тамызда үкімет теңге бағамын еркін айналымға жіберген соң президент Нұрсұлтан Назарбаев жеке тұлғалардың депозиттеріне өтемақы төлеуді ұсынған.

XS
SM
MD
LG