Accessibility links

Астанада "Таблиғи Жамағаттың" күдікті мүшесі қамалды


Астана қалалық соты. (Көрнекі сурет).
Астана қалалық соты. (Көрнекі сурет).

Астанада Қазақстанда тыйым салынған "Таблиғи Жамағат" діни ұйымына қатысы бар деген күдікпен бір тұрғын қамалды деп хабарлады бүгін қалалық соттың баспасөз қызметі.

Астаналық тұрғынды қамау туралы санкцияны Астананың Сарыарқа аудандық 2-соты "тыйым салынған экстремистік ұйым қызметін ұйымдастырды" деген факт бойынша берген.

Қазақстан соты 2013 жылдың ақпанында "Таблиғи Жамағат" діни ұйымын экстремистік деп танып, қызметіне тыйым салған.

XS
SM
MD
LG