Accessibility links

Ресей парламенті шетелде әскер қолдануға рұқсат етті


Ресей федерация кеңесінің сессиясы. (Көрнекі сурет).
Ресей федерация кеңесінің сессиясы. (Көрнекі сурет).

Ресей парламентінің жоғарғы палатасы - Федерация кеңесі президент Владимир Путинге шетелде әскери күшті пайдалануға құқық берді. Путиннің рұқсат беру өтінішін кеңестің 162 мүшесі түгел қолдады.

Кремль әкімшілігінің басшысы Сергей Иванов дауыс беруден кейін федерация кеңесінің мақұлдауы Ресей құрлықтағы әскерін Сирияда қолдана алады дегенді білдірмейтінін, ол тек ел әуе күштерін шетелде пайдалануды рұқсат ететінін айтты.

Ресей Сириядағы әскери әлеуетін күшейтіп, "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен соғысып жатқан Башар Асад әскеріне әскери көмек көрсетеді.

Таяу Шығыстағы кейбір ақпарат құралдары Ресей Сирияда әскери-әуе күштерін әлдеқашаннан қолданады дейді. Кремль бұл ақпараттарды растаған емес.

Федерация кеңесі соңғы рет Путинге шетелде әскери күшті пайдалануға рұқсат бергеннен кейін Мәскеу 2014 жылы Украинаның Қырым түбегін басып алған.

XS
SM
MD
LG