Accessibility links

«Ресейлік» Қырым туралы оқулықтарды түзетуді тапсырды


"Мектеп" баспасынан 2014-2015 жылдары шыққан, орта мектепке арналған география оқулықтары.
"Мектеп" баспасынан 2014-2015 жылдары шыққан, орта мектепке арналған география оқулықтары.
Қазақстан білім министрлігінің білім беру мен ғылым саласына бақылау комитеті Қырымды «Ресей Федерациясының құрамындағы субъект» деп жариялаған оқулықтарға түзету енгізу туралы шешім қабылдады.
Ведомстваның баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Мектеп» баспасынан шыққан, 10-11-сыныптарға арналған география, дүниежүзі тарихы оқулықтарында ешқандай баға бермейтін фактологиялық материалдар басылған».

Комитет түзетулердің енгізілуін «оқулықтарды құрастыруда барлық фактология тегіс қолданылмағандықтан қозғалған мәселелерге қатысты материалдың объективті мазмұндалуына қол жеткізу үшін керек» деп түсіндіреді. Онда «Қырым тақырыбында баспа мен авторлар Қазақстанның ресми позициясын, сондай-ақ әлемдік қауымдастықтықтың позициясын білдірмеген» делінген.

Өткен аптада Украинаның Қазақстандағы елшілігі «Мектеп» баспасы шығарған 10-11-сыныптарға арналған география оқулықтарында Қырым түбегін Ресей Федерациясының субъектісі ретінде көрсетуіне байланысты Астанаға наразылық нотасын жіберген.

Украинаның Қазақстандағы сенімді өкілі орта мектептерге арналған оқулықтардағы ақпарат Украина территориясының тұтастығына қолдау білдіріп отырған халықаралық қауымдастық пен Астананың позициясына қайшы екенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG