Accessibility links

БҰҰ-да Палестина туы тігілді


БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтері алдына тігілген Палестина туы. АҚШ, 30 қыркүйек 2015 жыл.
БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтері алдына тігілген Палестина туы. АҚШ, 30 қыркүйек 2015 жыл.

БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде Палестина автономиясының туы алғаш рет тігілді. 30 қыркүйекте ту тігу салтанатына қатысқан Палестина жетекшісі Махмуд Аббас бұл күнді "тарихи сәт" әрі "мақтаныш күні" деп атады.

10 қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясы ұйымда бақылаушы мәртебесіне ие Палестина территориясының туын тігу туралы қарарға дауыс берген. Қарарды 119 мемлекет қолдап, 45 ел қарсы дауыс берді. 8 мемлекет қалыс қалды. Қарсы дауыс бергендер арасында АҚШ пен Израиль бар.

Ту тігу алдында Аббас Палестина мемлекеттілігі мәселесінің әлі күнге дейін шешілмегенін "әділетсіздік" деп атады. Ол бұған қоса енді автономия билігі өзін Израильмен жасалған, бірақ Тель-Авивитің өзі "үнемі бұзатын" келісімге тәуелді сезінбейтінін ескертті.

XS
SM
MD
LG