Accessibility links

Сирияда Ресей шабуылынан 36 адам өлгені хабарланды


Сирия оппозициялық топтары ұлттық коалициясының жетекшісі Халед Ходжа.

Сирия оппозициялық топтары ұлттық коалициясының жетекшісі Халед Ходжа.

Сирия оппозициялық топтары ұлттық коалициясының жетекшісі Халед Ходжа "Ресейдің 30 қыркүйекте жасаған әуе шабуылдарынан 36 бейбіт тұрғын, оның ішінде бес бала қаза тапқан" деп хабарлады.

Ходжаның сөзінше, белсенділер Хомс провинциясына жасалған шабуылдан 36 адамның "бейбіт тұрғын" екенін анықтаған. "Ресейдің Сириядағы мақсаты - Асад билігін қолдау, Сирияда бейбіт тұрғындарды қырып, бей-берекетсіздік орнату екені айқын болды" деді Ходжа БҰҰ Бас ассамблеясы аясында. Ол Ресей әскери-әуе күштері Сирия еркін армиясының базасына да соққы жасағанын, бірақ одан адам шығыны болмағанын айтады.

Мәскеу Сириядағы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына 20 әуе соққысын жасағанын мәлімдеп, бейбіт тұрғындардың қырылуына қатысы барын жоққа шығарған. Бірақ Халед Ходжа соққы жасалған аймақтарда ИМ күштері жоғын айтады.

Ресей сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Сирия оппозициялық топтары өкілі Халед Ходжаның мәлімдемесін "жалған әрі ақпараттық соғыс" деп атаған.

Сириядағы Ресей әуе соққысы туралы видео:

XS
SM
MD
LG