Accessibility links

Сенат ДСҰ-ға кіру туралы хаттаманы бекітті


Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет).
Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет).

Парламент сенатының депутаттары Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымын құрған Марракеш келісіміне қосылу туралы хаттаманы мақұлдады деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

ДСҰ-ны құру туралы Марракеш келісімі 1994 жылы 15 сәуірде қабылданған. Қазақстан бұл келісімге қосылу туралы хаттамаға 2015 жылдың 27 шілдесінде қол қойған. Қазақстан хаттама күшіне енген сәттен бастап ДСҰ мүшесі болады.

Қазақстан ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөзді 1996 жылдың қаңтарында бастаған. Содан бері интеграцияның тиімділігіне қатысты әр жылдары қилы пікірлер айтылып, келіссөз процесі бірде баяу, бірде қарқынды жүрді.

XS
SM
MD
LG