Accessibility links

Астана мен Алматыда ЭСҚ SIM-картасы сатыла бастады


Алматыдағы автокөліктерді тіркеуге ортырғызуға, тіркеуден шығаруға арналған халыққа қызмет ету орталығы. (Көрнекі сурет).

Алматыдағы автокөліктерді тіркеуге ортырғызуға, тіркеуден шығаруға арналған халыққа қызмет ету орталығы. (Көрнекі сурет).

Алматы мен Астанадағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) электронды сандық қолтаңбаны сақтауға арналған ұялы телефон SIM-картасы сатыла басталды. Инвестиция және даму министрлігі жанындағы "ХҚКО" компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) енгізілген SIM-карта келешекте Қазақстандағы барлық ХҚКО-да беріле бастайды.

"Бұл пилоттық жоба халыққа қолайлы болу үшін басталды. Тұрғындар ХҚКО-ға барып, SIM-карта алады да, оған ЭСҚ жаздырып ала алады. Оны қалай қолдану керегі жайлы мамандардан кеңес алады" деп хабарлады "ХҚКО" компаниясының бас директоры Әсемгүл Балташева.

ХҚКО компаниясы мәліметінше, ЭСҚ жазылытын SIM-карта 200 теңге тұрады. Бұл сома абоненттің балансына түседі.

Тұрғындар ұялы телефонға арналған egov.kz қосымшасы арқылы ЭСҚ жазылған SIM-картамен мекенжай анықтамасын, жылжымайтын мүлігі бар-жоғы, зейнетақы төлемдері туралы және басқа да анықтамаларды ала алады.

XS
SM
MD
LG