Accessibility links

Дональд Трамп Ресейдің Сириядағы шабуылын қолдады


АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп.
АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп.

АҚШ президенттігіне Республикашыл партиядан үміткер Дональд Трамп Ресейдің Сириядағы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қарсы әуе шабуылдарына қолдау білдірді. CNN-ге берген сұхбатында ол 2016 жылы президент болып сайланса мыңдаған сириялық босқынды үйіне қайтаруға жағдай жасайтынын мәлімдеді.

"Егер Ресей Сирияға барғысы келсе, біз ортақ майдан құра алсақ жақсы болар еді. Бірақ тек егер Ресей Сирияда ИМ-ді есінен тандырып, АҚШ-қа 200 мың мигранттың келуіне тосқауыл қойса ғана... Егер мен жеңіске жетсем 200 мың мигрант үйіне қайтады. Біз 200 мың адамды, кейбірі ИМ содыры болуы мүмкін, қабылдай алмаймыз. Біз олардың кім екенін білмейміз" деді Трамп.

АҚШ президенті Барак Обама әкімшілігі 1 мың 500 сириялық босқынды қабылдағанын, 2017 жылы жыл сайын әлем бойынша қабылдайтын босқындар санын 70 мыңнан 100 мыңға дейін көбейтетінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG