Accessibility links

Сенат ҚХА туралы заңға өзгертуді мақұлдады


Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет).
Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет).

Парламент сенаты депутаттары бүгін "Қазақстан халқы ассамблеясы туралы" заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мақұлдады.

Жобаны дайындаған мәдениет және спорт министрлігі бұған дейін түзетулер Қазақстан халқы ассамблеясының (ҚХА) міндеті мен қызметін кеңейтуге мүмкіндік береді деген. Билік ҚХА қызметін кеңейту президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған "Мәңгілік ел" идеясын іске асыру қажетігінен туған дейді. Заң жобасын дайындағандар құжатта ҚХА-ның институт ретіндегі рөлін күшейтіп, қазақстандықтардың бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға "жағдай жасайтын" тетіктер бар дейді. Құжатта ҚХА-ның жыл сайын президентке есеп беріп отыруын міндеттейтін ереже де қарастырылған.

ҚХА 1995 жылы президент жанындағы кеңес беру органы ретінде құрылған. Ассамблеяны президент басқарады. ҚХА биыл ақпанда мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуді ұсынған. ҚХА мұны "елді әлемдік дағдарыстан табысты алып шығу үшін жаңадан жалпыхалықтық мандат беру қажет" деген.

XS
SM
MD
LG