Accessibility links

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру басталды


Қазақстан әскері. (Көрнекі сурет).
Қазақстан әскері. (Көрнекі сурет).

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру басталды деп хабарлады бүгін қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Министрлік сайтындағы ақпаратта күзгі әскерге шақыру науқанында 18 бен 27 жас аралығындағы 12 мың адамды әскерге алу жоспарланған.

Министрлік әскери бөлімдерге бөлу кезінде жастардың мамандығы, денсаулық жағдайы, дайындығы ескерілетінін, шақырылғандар есірткі пайдаланатынына қатысты тексеруден, гепатит пен туберкулезден тексеруден өтетінін айтады.

Желтоқсан айына дейін созылатын күзгі әскерге шақыру науқанында "шұғыл желі" жұмыс істейді.

Қорғаныс министрлігі жылдың басында Қазақстанда биыл 18-27 жас аралығындағы 29 мыңнан астам адам әскер қатарына алынатынын, оның 12 мыңы көктемде, қалғаны күзгі шақыруда алынатынын хабарлаған.

Қазақстанда міндетті әскери қызмет борышын өтеу мерзімі – 12 ай.

XS
SM
MD
LG