Accessibility links

Ұлттық банк интервенциясы көлемі 1 миллиард доллардан асты


Алматыдағы ұлттық банктің бас кеңсесі. (Көрнекі сурет).

Алматыдағы ұлттық банктің бас кеңсесі. (Көрнекі сурет).

Қазақстан ұлттық банкі 30 қыркүйекте қор биржасындағы (KASE) саудаға жасаған интервенциясының көлемі 225 миллион доллар болғанын хабарлады. Ұлттық банк алғаш биржадағы валюта саудасына араласа бастаған 16 қыркүйектен бергі интервенция көлемі бір миллиард доллардан асқан. Ұлттық банк 29 қыркүйекте биржада 137,7 миллион доллар интервенция жасаған.

Ұлттық банк қор биржасындағы саудаға "теңге бағамының құбылуынан" араласып жатқанын айтады.

KASE-де бүгін таңертеңгі саудада доллардың орташа бағамы 270 теңге 90 тиынды құраған. Бүгін биржада 100 миллион доллар сатылған.

20 тамызда Қазақстан үкіметі теңге бағамын ұстап тұрудан бас тартып, "инфляциялық таргеттеу" саясатына енгізетінін жариялаған.

XS
SM
MD
LG