Accessibility links

Пәкістан: Әуе шабуылынан 20 содыр мерт болды


Пәкістанның Ауғанстанмен шекарасында тұрған әскерилер. (Көрнекі сурет).

Пәкістанның Ауғанстанмен шекарасында тұрған әскерилер. (Көрнекі сурет).

Пәкістан әскерилері елдің Ауғанстанмен шекарасында жасаған әуе шабуылынан күдікті 20-дан астам содырдың көзі жойылғанын хабарлады.

Пәкістан барлау қызметі өкілінің хабарлауынша, бүгін Ауғанстанмен шекарадан 40 километр қашықтықта содырлар жасырынды деген алты тұрақ жойылған.

Үкімет әскері Ауғанстанмен шекарадағы "Талибан" қозғалысы содырларына қарсы шабуылын өткен жылы бастаған. Ауғанстан үкіметі Исламабадтың содырларға қарсы операциясына қарамастан пәкістан билігі Кабулге қарсы соғысып жатқан талибтерге Ауғанстанмен шекаралас аумақты пайдалануына мүмкіндік беріп отыр дейді. Исламабад мұны жоққа шығарып, Ауғанстан мен Үндістан билігін керісінше содырлардың Пәкістан үкіметі күштерімен күресіне дем беріп отыр деп айыптайды.

XS
SM
MD
LG