Accessibility links

Тәжік әйел ИМ "тұтқынынан" босатуды сұрады


ИМ құрамына өтіп кетті делінген тәжік азаматы ИМ туын ұстап тұр. Видеодан скриншот. (Көрнекі сурет).

ИМ құрамына өтіп кетті делінген тәжік азаматы ИМ туын ұстап тұр. Видеодан скриншот. (Көрнекі сурет).

Сирияда "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы "тұтқынына түскен" тәжік әйел өзін босатып алуын сұрады. Азаттықтың Тәжік редакциясының хабарлауынша, 27 жастағы Тәжікстан азаматы Марджона Аланазарова күйеуінен Сириядағы "Ислам мемлекеті" содырларының тұтқынынан босатып алуын сұрайды. Тұтқынға түскен әйелдің күйеуі Фаррух Аланазаровтың айтуынша, әйелі құтқармаса содырлар өзін "жанкешті" жасамақ.

Аланазаров әйелі 30 қыркүйек күні өзімен "Одноклассники" желісі арқылы байланысып, өзін террористердің құрбаны болғанын айтып, құтқаруды сұраған.

Фаррух Аланазаровтың сөзінше, тәжік билігі бұл оқиғадан хабардар. Бірақ қандай да бір шара қолдана алмай отыр. Ол отбасының жағдайы жақсы екенін, әйелі Мәскеуге әпкесіне барып қайтуға кеткеннен оралмағанын айтады. "Мәскеуге барған соң, үш баласын әпкесіне қалдырып, Сирияға өтіп кеткен" дейді Аланазаров. Тәжік билігі балаларын Мәскеуден қайтаруға көмектескен.

Тәжік билігінің мәліметінше, Тәжікстанның оңтүстігіндегі Шахритуз ауданының 20 азаматы Сирияға кеткен. Тәжікстан бойынша жалпы 500-ге тарта тәжік азаматы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының құрамына кірген. Олардың 150-ге жуығы мерт болған.

XS
SM
MD
LG