Accessibility links

Ауғанстанда АҚШ әскери жүк ұшағы апатқа ұшырады


АҚШ-тың әскери жүк ұшағы. (Көрнекі сурет).

АҚШ-тың әскери жүк ұшағы. (Көрнекі сурет).

Ауғанстанда АҚШ-тың С-130 "Геркулес" деп аталатын әскери жүк тасымалдайтын ұшағы апатқа ұшырады. Агенттіктердің Пентагонға сілтеме жасап хабарлауынша, апаттан 10 адам қаза тапқан.

Оқиға Жалалабад әуежайында Астана уақыты бойынша 01:30-да болған. Қаза тапқандардың бесеуі экипаж мүшелері, бесеуі жолаушылар.

Мерт болған жолаушылар АҚШ бастаған халықаралық коалициямен келісім-шартпен жұмыс істеген. Ұшақ апатқа ұшырар алдында атыс үні естілмеген. Қазір оқиғаның себептері тексеріліп жатыр.

XS
SM
MD
LG