Accessibility links

"Прогресс М-29М" халықаралық ғарыш станциясына жетті


Байқоңырдағы ұшу алаңында тұрған "Прогресс М-28М" ғарыш кемесі. 1 шілде 2015 жыл.

Байқоңырдағы ұшу алаңында тұрған "Прогресс М-28М" ғарыш кемесі. 1 шілде 2015 жыл.

Байқоңырдан ұшырылған Ресейдің "Прогресс М-29М" жүк тасымалдайтын ғарыш кемесі 2 қазанда Халықаралық ғарыш станциясының (ХҒС) Ресейге тиесілі "Звезда" модулімен түйісті. Ғарыш кемесі айлақтан 1 қазан күні Астана уақыты бойынша 22:49-да ұшырылған.

Роскосмос агенттігінің хабарлауынша, кеме станциямен Астана уақытымен 04:52-де түйіскен. "Прогресс М-29М" станцияға екі жарым тоннаға жуық жүк, ғылыми зерттеулер жүргізуге қажетті құрылғылар, станцияға қажетті жабдықтар жеткізген.

XS
SM
MD
LG