Accessibility links

Венгрия Хорватиямен шекарасын жаппақ


Хорватиямен шекарада қоршау тұрғызып жатқан венгр шекарашылары. 20 қыркүйек 2015 жыл.
Хорватиямен шекарада қоршау тұрғызып жатқан венгр шекарашылары. 20 қыркүйек 2015 жыл.

Сербиямен шекарасын жапқан Венгрия билігі енді Хорватиямен шекарасын жабуға дайындалып жатыр. Будапешт бұған қоса Германия мен Австрия жаңа мигранттарды қабылдауға дайын, я дайын емесін білдіруді талап етеді.

Венгрия премьер-министрі аппаратының басшысы Януш Лазар Вена бұған дейін пана сұраған босқындардың Австрия мен Германияға өтуіне мүмкіндік беретін транзиттік дәліз құру ұсынысын қабылдамай тастағанын мәлімдеген. Лазардың сөзінше, бұл шаралар Хорватиямен шекараны жапқаннан кейін ғана іске асады.

Хорват полициясының мәліметі бойынша, Хорватия аумағы арқылы 1 қазанға дейін Батыс Еуропаға баратын 90 мыңнан астам мигрант өткен. Олардың көпшілігі тікенек сым темір тартылған Венгрия-Сербия шекарасын айналып өту үшін Сербиядан Хорватияға, одан ары Венгрияға барады.

XS
SM
MD
LG