Accessibility links

Ресейде банкроттық туралы заң күшіне енді


Мәскеу көшесі. (Көрнекі сурет).

Мәскеу көшесі. (Көрнекі сурет).

Ресейде 1 қазаннан бастап ел тарихындағы алғашқы банкроттық туралы заң күшіне енді.

Болжам бойынша, заң қабылданғаннан кейін несиелерін төлей алмаған азаматтардан өтініш көбейеді. Президент Владимир Путин 2014 жылы қол қойған жаңа ереже бойынша, 500 мың рубльден асатын қарызы бар және несие төлемін 90 күннен көп кешіктірген ресейліктер өзін банкрот деп жариялай алады.

Заң күшіне енгенге дейін мұндай мүмкіндік тек заңды тұлғаларда ғана болған. 2014 жылы рубль күрт құлдырағанға дейін шетел валютасымен несие алған ресейліктердің көпшілігі несиесін төлей алмай жатыр.

XS
SM
MD
LG