Accessibility links

"ҚазМұнайГаз" бекеттерінде бензин қымбаттады


"ҚазМұнайГаз" компаниясының жанармай құю бекеті.

"ҚазМұнайГаз" компаниясының жанармай құю бекеті.

Алматыда "ҚазМұнайГаз" компаниясының жанармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин бағасы бір литрі үшін 125 теңгеден 130 теңгеге қымбаттады. Компания бұған қоса АИ-95 маркалы бензин мен дизель отынының бағасын да қымбаттатқан.

Tengrinews.kz сайтынынң хабарлауынша, Астанадағы "ҚазМұнайГаз" бекеттерінде де баға қымбаттаған. Бірақ басқа компаниялардың жанармай құю бекеттерінде АИ-92/93 маркалы бензин бағасы өзгермеген.

4 қыркүйек күні Қазақстан үкіметі АИ-92 мен АИ-93 маркалы бензин бағасын еркіне жіберген. Энергетика министрі Владимир Школьник АИ-92/93 маркалы бензин бағасының нақты қаншаға қымбаттайтынын "ешкім білмейтінін", бірақ бір литрі үшін 142-143 теңге болуы мүмкін екенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG