Accessibility links

Парижде Украинаға қатысты келіссөз өтеді


Ресей, Германия, Франция және Украина президенттері. Минск, 11 ақпан 2015 жыл.

Ресей, Германия, Франция және Украина президенттері. Минск, 11 ақпан 2015 жыл.

Франция, Германия, Украина және Ресей президенттері бүгін Парижде Украина шығысындағы қақтығысты реттеуге қатысты кездеседі.

Кездесудегі басты тақырыптар - Украина шығысындағы ресейшіл сепаратистердің өздері бақылайтын аудандарда жергілікті органдарға сайлау өткізуі, бұл аудандарға халықаралық бақылаушыларды жіберу, қақтығыс аймағынан ауыр қару-жарақтарды әкету жайы болмақ.

Киев пен сепаратистер жетекшілері осы аптада үкімет әскері мен сепаратистер арасындағы қақтығыс аймағынан шағын қару-жарақтарды әкетуге келіскен.

"Қазір қандай да бір қарар қабылдауға әлі ерте, бірақ дағдарысты шешуге болады деген сенім орнайтындай мүмкіндік бар. Ең бастысы - қазір Донбаста атыс тоқтағаны болып отыр" деген Ресей президенті Владимир Путин 1 қазанда.

XS
SM
MD
LG