Accessibility links

Мәскеуді Сириядағы шабуылын тоқтатуға шақырды


Сириядағы Ресей әскерилері әуе шабуылына дайындалып жатыр. 1 қазан 2015 жыл.
Сириядағы Ресей әскерилері әуе шабуылына дайындалып жатыр. 1 қазан 2015 жыл.

Түркия мен "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымына қарсы АҚШ бастаған коалицияға мүше елдер бүгін Ресейден "Сирия оппозициясына" әуе соққысын тоқтатуға шақырып, шабуылда ИМ позицияларын нысанаға алуды сұрады.

АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия және Парсы шығанағындағы араб елдері Түркия атынан жасаған мәлімдемесінде Мәскеудің Сириядағы әуе шабуылдарына алаңдаушылық білдіріп, шабуыл қақтығысты одан ары ушықтырады және экстремизмді күшейте түседі дейді.

Ресей мемлекеттік думасындағы халықаралық қатынастар комитетінің басшысы Алексей Пушков Кремль Сириядағы әуе шабуылы операциясы үш-төрт айға созылады деп болжап отырғанын мәлімдеді. 2 қазанда француз радиосына берген сұхбатында ол Ресей шабуылды күшейте бастағанын айтты.

Вашингтон 1 қазанда Ресейдің Сириядағы әуе шабуылдарын "Сирия оппозициясына қарсы бей-берекет әскери операция" деп атаған.

XS
SM
MD
LG