Accessibility links

"Трансаэродан" билет сатуды тоқтатуды талап етті


"Трансаэро" компаниясының ұшағы. (Көрнекі сурет).

"Трансаэро" компаниясының ұшағы. (Көрнекі сурет).

Ресей федералдық әуе транспорты агенттігі елдегі екінші ірі әуе компаниясы - "Трансаэро" компаниясынан бүгіннен бастап тұрақты рейстерге билет сатуды тоқтатуды талап етті.

Қыркүйекте "Трансаэрода" қаржылық қиындық туындағаны белгілі болғанда компанияның 75 пайыз акциясын Ресейдің ең ірі әуе компаниясы "Аэрофлотқа" беруге шешім қабылданған. Ал 1 қазанда "Аэрофлот" "Трансаэроны" сатып алудан бас тартқан.

Ресей экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев "Трансаэроның" банкроттыққа ұшырауы - компания проблемасын шешудің жалғыз жолы деп мәлімдеген. Ресейлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, вице-премьер Ольга Голодец "Трансаэро" қызметкерлерін басқа компанияларға ауыстыру туралы келісім жасалғанын айтқан.

Ресей транспорт министрі Максим Соколов "Трансаэроны" банкрот ету мәселесі кредиторлар құзырында дейді. Кейін "Сбербанк" компанияны банкроттыққа ұшырату процесін бастауға дайын екенін хабарлаған. Ал "Трансаэроның" ең ірі акционері "Халықаралық қаржы клубы" банкі компанияны банкротқа ұшыратудың орнына кредитор банктердің басқаруына беруді ұсынды.

Жергілікті ақпарат құралдары "Трансаэроның" қазақстандық кеңсесінде билет сату тоқтағанын хабарлап жатыр.

XS
SM
MD
LG