Accessibility links

Қазақстан футзалшыларының қарсыластары анық


Футзалдан Қазақстан-Босния және Герцеговина матчынан көрініс. Алматы. 22 қыркүйек 2015 жыл.
Футзалдан Қазақстан-Босния және Герцеговина матчынан көрініс. Алматы. 22 қыркүйек 2015 жыл.

Футзалдан 2016 жылы өтетін Еуропа чемпионатының жеребесі тартылды. Алғаш рет Еуропа біріншілігіне қатысатын Қазақстан құрамасы Ресей және Хорватиямен бірге С тобына түсті.

Қазақстан құрамасы 3 ақпанда Ресеймен, 5 ақпанда Хорватиямен кездеседі.

А тобына Сербия, Португалия және Словения, В тобына Испания, Украина және Венгрия, D тобына Италия, Чехия және Әзербайжан түсті.

Еуропа чемпионаты 2-13 ақпанда Сербияның Белград қаласында өтеді.


XS
SM
MD
LG