Accessibility links

«Шекарасыз дәрігерлер»: Кундузда ауруханаға соққы жасалды


Ауғанстанның солтүстігіндегі Кундуз қаласы. 1 қазан 2015 жыл.

Ауғанстанның солтүстігіндегі Кундуз қаласы. 1 қазан 2015 жыл.

«Шекарасыз дәрігерлер» (Medecins Sans Frontieres - MSF) халықаралық ұйымы Ауғанстанның солтүстігіндегі Кундуз қаласындағы ауруханада әуе шабуылы салдарынан үш қызметкер қаза тауып, тағы 30 адам хабар-ошарсыз кеткені туралы мәлімдеді.

«Біз шабуылдан қызметкерлеріміздің мерт болғанына және Құндыздағы денсаулық сақтау саласына түскен ауыртпашылыққа қатты күйзеліп отырмыз» делінген ұйым таратқан мәлімдемеде.

Шабуыл салдарынан аурухана ғимараты ішінара бүлінген.

НАТО өкілінің айтуынша, Кундуздағы аурухана АҚШ әуе күштері шабуылынан зардап шегуі мүмкін. Болған оқиға қазір тексеріліп жатыр.

Кундузда Талибан содырлары мен ауған күштері арасында шайқастар жалғасып жатқанына бірнеше күн болып отыр. «Талибан» Кундузға 28 қыркүйекте таңертең шабуыл жасап, кешке қаланы басып алғанын хабарлаған. Бірақ келесі күні қауіпсіздік күштері қаланы қайтарып алу шабуылын бастаған.

Кундуз – «Талибан» 2001 жылдан бері басып алған алғашқы уәлаят орталығы. «Талибан» жасақтары Ауғанстаннан 2014 жылдың соңында халықаралық коалиция күштері шығарылғаннан кейін белсенді әрекетке көшкен.

XS
SM
MD
LG