Accessibility links

Астанадағы Сирия жайлы келіссөзде ортақ шешімге келген жоқ


Сириядағы қақтығысқа қатысты топтардың өз ішіндегі келіссөзге қатысушылар. Астана, 2 қазан 2015 жыл.

Сириядағы қақтығысқа қатысты топтардың өз ішіндегі келіссөзге қатысушылар. Астана, 2 қазан 2015 жыл.

Астанада өтіп жатқан Сириядағы қақтығысқа қатысты топтардың өз ішіндегі келіссөзінің екінші күні тараптар қорытынды декларация мәтініне қатысты ұйғарымға келе алмаған. Бұл туралы сенбі күні журналистерге келіссөзге қатысушылардың бірі Махмуд әл-Афанди айтты деп хабарлады «Қазақстан жаңалықтары» сайты.

Ресейлік «Новости» агенттігінің хабарлауынша, сенбі күнгі қорытынды сессияда келіссөзге қатысушылар алты тармақтан тұратын мәлімдемені талқылаған. Жиында Сирияда 2016 жылы халықаралық бақылаушылар қадағалауымен парламент сайлауын өткізу, сайлауға қатысатын барлық кандидаттардың жеке бас қауіпсіздігі, армия мен қауіпсіздік құрылымдарын реформалау, терроризмнің кез-келген түріне қарсы тұру сияқты мәселелер сөз болған.

Астанадағы Сириядағы қақтығысқа қатысты топтардың өзара келіссөзі жұма күні басталған. Жабық түрде өтіп жатқан келіссөз жексенбі, қазанның 4-і күні аяқталады деп хабарланған.

Бұл келіссөздер Сирияға байланысты халықаралық жағдай күрделі болып отырған шақта өтіп жатыр. Осы аптада Ресей әуе күштері Сирияда Башар Асад үкіметіне қарсы соғысып жатқандарға соққы берген. Мәскеу әуе шабуылы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы жасалғанын айтқан, бірақ Сирия біріккен оппозициясы ресейлік ұшақтар соққысынан бейбіт тұрғындар қаза тапқан деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG