Accessibility links

Қырғызстанда парламент сайлауы өтіп жатыр


Бішкектегі сайлау учаскелерінің біріне парламент сайлауына дауыс беруге келген адамдар. Қырғызстан, 4 қазан 2015 жыл.
Бішкектегі сайлау учаскелерінің біріне парламент сайлауына дауыс беруге келген адамдар. Қырғызстан, 4 қазан 2015 жыл.

Қырғызстанда бүгін ел парламенті – Жогорку Кенеш сайлауына дауыс беру өтіп жатыр. Жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 8:00-де сайлау учаскелерінде дауыс беру басталды, ол сағат 20:00-ға дейін жалғасады.

Бұл жолы Қырғызстанның бір палаталы парламентіндегі 120 орынға барлығы 14 саяси партия таласып жатыр. Олар – «Замандаш», «Мекен Ынтымагы», «Ата Мекен», «Аалам», «Ар-Намыс», Қырғызстан социал-демократиялық партиясы, «Бутун Кыргызстан - Эмгек» (Бүтін Қырғызстан - Еңбек), «Азаттык», «Улуу Қырғызстан», «Конгресс народов Кыргызстана», «Онугуу-Прогресс», «Қырғызстан», «Республика - Ата-Журт» және «Бир Бол» партиялары.

Ел тарихында алғаш рет бұл сайлауда азаматтар биометрикалық құжат бойынша сайлауға дауыс беруге қатысып жатыр. Сайлау жәшіктеріне салынған бюллетеньдерді санайтын электрондық жүйе жұмыс істейді. Заң бойынша, егер партия өкілдері негізі бар өтініш жасаса, бюллетеньдер қолмен саналады.

Қырғызстанның сайлаулар мен референдумдер өткізу жөніндегі орталық комиссиясының хабарлауынша, елдегі парламент сайлауы барысын қадағалау үшін әлемнің 69 елінен 40 ұйымның атынан келген 613 халықаралық бақылаушы тіркелген. Сонымен бірге Қырғызстан сыртқы істер министрлігі осы сайлау жөнінде хабар тарататын 22 шетелдік бұқаралық ақпарат құралының 45 журналисіне аккредитация берген.

Қырғыз Республикасы парламенттік республика болғандықтан бүгінгі өтіп жатқан сайлау – ел өміріндегі ерекше маңызды оқиға.

Ресми мәлімет бойынша, Қырғызстанда дауыс беру құқығына ие 2 миллион 761 мың 297 адам сайлаушылар тізіміне алынған.

XS
SM
MD
LG