Accessibility links

Журналист Кашин Путин мен Медведевке хат жазды


Соққыға жығылған ресейлік жуналист Олег Кашин ауруханада. 28 желтоқсан 2010 жыл.

Соққыға жығылған ресейлік жуналист Олег Кашин ауруханада. 28 желтоқсан 2010 жыл.

Ресейлік журналист Олег Кашин өзіне қарсы 2010 жылы жасалған шабуыл туралы қозғалған тергеуге байланысты ел президенті Владимир Путин мен премьер-министр Дмитрий Медведевке ашық хат жазды. Онда автор өзін ұрып-соғуға кінәлілерді, соның ішінде мәселен Псков облысының губернаторы Андрей Турчакты «мемлекет жетекшілері қорғаштап отыр» деп наразылық білдірген. Кашин хатында Путин мен Медведев билікте болған 15 жыл тұтас буын үшін «моральдық күйреуге» айналғанын айтқан.

Қыркүйек айының басында Олег Кашин сайтында жариялаған мақалада өзіне жасалған шабуылдың жай-жапсарын баяндап, оқиға болған кезде Ресей президенті қызметінде отырған Дмитрий Медведевтің бұл қылмысты тергеуді жеке бақылауына алғаны үшін оған алғыс білдірген еді. Мақаласында журналист әділеттілік орнап, кінәлілер лайықты жазасын алатындығына үміт білдірген.

Олег Кашинді 2010 жылы қарашада Мәскеу қаласында қатты соққыға жығып кеткен. Журналистке жасалған қастандық ісі бойынша Данила Веселов, Михаил Кавтаскин және Вячеслав Борисовке айып тағылып отыр. Бұл үшеуінің соңғысына іздеу жарияланған. Қылмыстық істі жүргізген тергеушілер Псков облысының губернаторы Андрей Турчактың бұл іске қатысы жоқ деп санайды. Шенеунік Кашин ісіне қатысты куәгерлер мен айыпкерлер санатында жоқ.

XS
SM
MD
LG