Accessibility links

Қырғызстан: сайлаушылардың 20 пайызға жуығы дауыс берді


Сайлау учаскесіне парламент сайлауына дауыс беруге келген адамдар. Қырғызстан. 4 қазан 2015 жыл.

Сайлау учаскесіне парламент сайлауына дауыс беруге келген адамдар. Қырғызстан. 4 қазан 2015 жыл.

Қырғызстан орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, бүгін өтіп жатқан парламент сайлауында, жергілікті уақытпен күндізгі сағат 12:00-дегі мәлімет бойынша, сайлаушылар тізіміндегі барлық азаматтардың 19,7 пайызы дауыс берген.

Ресми ақпаратқа сәйкес, ел астанасы Бішкек пен Нарын облысында тізімдегі сайлаушылардың – 11 пайызы, Чуй және Талас облыстарында – 10 пайыздан, Ыстықкөл облысында – 9 пайыз, Жалал-Абад облаысында – 8 пайы, Ош қаласында – 3 пайыз, Ош обласында – 7 пайыз және Баткен облысында – 9 пайызы дауыс беруге қатысқан.

Бұл жолғы сайлауды өткізу үшін барлығы 2374 сайлау учаскесі құрылған, оның 36-сы – шетелде ұйымдастырылған. Сайлау учаскелері сайлау бюллетенін автоматты түрде танитын электронды құрылғысы бар 3695 жәшікпен қамтамасыз етілген.

Қырғызстан парламентіндегі 120 орынға 14 саяси партия таласып отыр. Сайлау барысын 600-ден аса халықаралық бақылаушы қадағалайды.

Сайлау учаскелерінде жексенбі күні жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат 8:00-де басталған дауыс беру сағат 20:00-ға дейін жалғасады.

XS
SM
MD
LG