Accessibility links

Ватикан гей екенін жариялаған дін өкілін қызметтен алды


Кшиштоф Харамса.

Кшиштоф Харамса.

Польшадан шыққан дін қызметкері Кшиштоф Харамса өзінің гей екенін айтқан сұхбаты Польша мен Италия басылымдарында жарияланған соң, Ватикан оны қызметінен босатты. Польшаның Gazeta Wyborcza басылымы Харамсаның: «Мен өзімнің кім екенімді айтуға тиіспін. Мен – гей-священникпін және өзімді бақытты сезініп, бұны мақтан тұтамын» деген сөзін келтірген.

Ватикан өкілі Федерико Ломбарди арнайы мәлімдемесінде епископтар синоды ассамблеясы қарсаңында Харамсаның бұл қылығы «жауапсыздық болып көрінеді» делінген. Ломбарди польшалық дін өкілінің «ағынан жарылуы» өткелі отырған ассамблеяға баспасөздің тым қатты назар аударуына себеп болып, жиынның күн тәртібіндегі негізгі тақырыптарға – отбасы және неке, жасанды түсік пен гей-священниктер мәселелерін талқылауға септеспейді деп санайды.

Харамса журналистерге өз мәлімдемесінің епископтар ассамблеясына байланысы жоғын айтқан. Ол шіркеу өкілдеріне «христиан үні» жетер деген үмітін білдірген. Харамса «жеке өз басына» қатытсы мәлімдемені жасағанда «католик шіркеуіндегі гомофобиялық ахуалды ескере отырып, қиын да қатерлі шешім» қабылдағанын айтқан.

43 жастағы Кшиштоф Харамса 2003 жылдан бері Ватиканда тұрған. Ол Рим папасы университетінде дін ілімінен дәріс оқыған.

XS
SM
MD
LG