Accessibility links

Астанада Сирия жайлы келіссөз аяқталды


Сириядағы жанжалды реттеу жөніндегі келіссөзге қатысушылар. Астана, 2 қазан 2015 жыл.

Сириядағы жанжалды реттеу жөніндегі келіссөзге қатысушылар. Астана, 2 қазан 2015 жыл.

Астанада аяқталған Сирияға қатысты келіссөзге қатысушылар бүгінгі отырыста қорытынды декларацияны көпшілік дауыспен қабылдады деп хабарлады журналистерге «Сирия христиандары демократия үшін» қозғалысының жетекшісі Бассам Битар.

Оның ақпараты бойынша, қорытынды декларацияға Астанаға келіссөзге қатысқан 37 адамның 29-ы қол қойған. Декларациядағы негізгі тармақтардың бірі «Сирияда халықаралық бақылаушылар қадағалауымен парламент сайлауын өткізу және сайлауға қатысатын барлық кандидаттардың жеке бас қауіпсіздігін қамтамасыз ету» туралы деп хабарланды.

Сириядағы жанжалды реттеуді талқылаудың екінші кезеңі Астанада қазанның 2-і күні басталған. Жабық түрде өткен жиынға Сириядағы әртүрлі оппозициялық қозғалыстар мен топтардан ондаған өкілі қатысқаны хабарланған.

Осы аптада Сирияда үкімет әскеріне қарсы соғысып жатқандарға әуеден соққы берген. Ресей билігі шабуыл «ИМ содырларына қарсы жасалды» деп мәлімдеген.

Бірақ Башар Асад билігіне қарулы қарсылық танытып жатқан сириялық оппозиция ресейлік әуе күштері соққы жасаған аймақта ИМ жасағы жоқ екені және шабуылдан бейбіт тұрғындар қаза тапқаны туралы хабарлаған.

Астанадағы Сирия жайлы келіссөзге қатысушылар:

XS
SM
MD
LG