Accessibility links

«Алматы туры» веложарысын биыл да Алексей Луценко ұтты


«Алматы туры» халықаралық жарысында «Астана» командасының мүшесі, қазақстандық Алексей Луценко екінші жыл қатарынан жеңімпаз атанды. Алматы, 4 қазан 2015 жыл.
«Алматы туры» халықаралық жарысында «Астана» командасының мүшесі, қазақстандық Алексей Луценко екінші жыл қатарынан жеңімпаз атанды. Алматы, 4 қазан 2015 жыл.

Алматыда бүгін өткен «Алматы туры» халықаралық жарысында «Астана» кәсіби велокомандасының мүшесі, қазақстандық спортшы Алексей Луценко жеңімпаз атанды. Ол былтыр да осы жарыста мәреге бірінші болып келген.

Екінші орынды «Астана» командасының тағы бір мүшесі, италиялық Фабио Ару иеленді.

Ал ресейлік «Катюша» командасының өкілі Павел Кочетковқа үшінші орын бұйырды.

Осымен үшінші жыл өткізіліп отырған «Алматы туры» халықаралық жарысында биыл тас жолдағы 186 шақырымдық велобәйгеге барлығы 150 спортшы қатысты.

XS
SM
MD
LG