Accessibility links

Украиналық құқыққорғаушы Ганна Михайленко дүние салды


Украиналық құқыққорғаушы Ганна Михайленко.

Украиналық құқыққорғаушы Ганна Михайленко.

Украинаның Одесса қаласында құқыққорғаушы, Украина Хельсинки тобының мүшесі Ганна Михайленко 86 жасында қайтыс болды. Михайленко – СССР заманында, Леонид Брежнев пен Юрий Андропов билігі тұсында қуғын-қысым көрген, оны жеті жыл бойы арнайы психиатриялық ауруханада күштеп ұстаған.

СССР-де билік басына Михаил Горбачев келген соң сол кездегі АҚШ президенті Рональд Рейган бостандыққа берілуін сұраған жиырма диссиденттің арасында Ганна Михайленко де болған. Бұл туралы Maxpark әлеуметтік желісіне ақын Борис Херсонский жазған. Оның айтуынша, «Ганна бостандыққа шығар айда ол жатқан Одессадағы психиатриялық аурухананың он бірінші бөлімшесіне әлемнің әр түкпірінен жүздеген хаттар келген».

Кейін Ганна Михайленко «КГБ диагнозы – шизофрения» деген кітап жазған

XS
SM
MD
LG