Accessibility links

Молдовада үкіметке қарсы шеру қайта жалғасты


Кишиневтің орталығына тігілген шатырлар мен наразылық акциясына жиналып жатқан адамдар. 4 қазан 2015 жыл.
Кишиневтің орталығына тігілген шатырлар мен наразылық акциясына жиналып жатқан адамдар. 4 қазан 2015 жыл.

Молдовада бүгін таңертең ел парламентіне келген оппозициялық Социалистер партиясынан сайланған депутаттар төтенше отырыс шақыруды талап етті. Партия төрағасы Игорь Додон бірқатар мемлекеттік мекемелердің жетекшілерін отставкаға жіберу және ел президенті Николае Тимофтиге импичмент жариялау процедурасын бастау туралы шешім қабылдау үшін парламенттегі өзге фракциялар депутаттарын отырысқа келуге шақырған деп хабарлайды «Интерфакс» агенттігі.

Молдова парламентіндегі ең ірі фракция – Социалистер партиясыныкі, жоғары заң шығару органындағы 101 депутаттың 24-і осы партияның өкілдері.

Кеше екі солшыл саяси ұйым – Социалистер партиясы мен «Біздің партия» өкілдері Кишиневтің орталығындағы даңғылды жауып, жол өтетін бөлігіне шатырлар тігіп қойған. Бүгін таңертең олар орталық көшені ашты. Бұл екі партия Кишиневте наразылық акциясын қыркүйектің 25-і күні бастаған. Олар парламент пен ауыл шаруашылығы министрлігі ғимараттары алдына үш жүздей шатыр тігіп тастаған.

XS
SM
MD
LG