Accessibility links

Қырғыз сайлаушыларының 38 пайызы дауыс берген


Ош қаласындағы сайлау учаскелерінің бірі. 4 қазан 2015 жыл.
Ош қаласындағы сайлау учаскелерінің бірі. 4 қазан 2015 жыл.

Қырғызстанның сайлаулар мен референдумдер өткізу жөніндегі орталық комиссиясының хабарлауынша, бүгін өтіп жатқан парламент сайлауында, Бішкек уақытымен сағат 16:00-дегі мәліметке сәйкес, тізімдегі барлық сайлаушылардың 38 пайызы дауыс берген.

Ресми ақпаратта ел астанасы Бішкекте сайлаушылардың – 35 пайызы; Ошта – 34 пайызы; Жалал-Абад облысында – 38 пайызы, Ош облысында – 36 пайызы, Баткен облысында – 41 пайызы, Чуй облысында – 38 пайызы; Нарын облысында – 43 пайызы; Талас облысында – 43 пайызы және шетелдерде – 8,4 пайызы қатысқаны айтылған.

Бұл жолғы сайлауды өткізу үшін барлығы 2374 сайлау учаскесі құрылған, оның 36-сы – шетелде ұйымдастырылған. Сайлау учаскелері сайлау бюллетенін автоматты түрде танитын электронды құрылғысы бар 3695 жәшікпен қамтамасыз етілген.

Қырғызстан парламентіндегі 120 орынға 14 саяси партия таласып отыр. Сайлау барысын 600-ден аса халықаралық бақылаушы қадағалайды.

Сайлау учаскелерінде жексенбі күні жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат 8:00-де басталған дауыс беру сағат 20:00-ға дейін жалғасады.

XS
SM
MD
LG