Accessibility links

Грузияда оппозиция белсенділері қамалды


Оппозиция белсенділері Грузия парламенті ғимараты алдында тұр. Кутаиси, 3 қазан 2015 жыл.

Оппозиция белсенділері Грузия парламенті ғимараты алдында тұр. Кутаиси, 3 қазан 2015 жыл.

Грузияда «бұзақылық жасағаны үшін» қамауға алынған «Еркін аймақ» үкіметтік емес жастар ұйымының белсенділері Ника Нарсия мен Мириан Деисадзе, сонымен бірге «Біртұтас ұлттық қозғалыс» оппозициялық партиясының Кутаиси қалалық ұйымы жетекшілерінің бірі Каха Габуния «биліктің озбырлығына наразылық» ретінде аштық жариялады.

Бұл үшеуін парламент ғимараты алдында өткен сөз бостандығын қорғау акциясында оған қатысушылар мен биліктегі коалиция депутаттары өзара шекісіп қалған оқиғадан соң ұстаған. Парламент алдында белсенді жастар биліктегі «Грузия арманы» коалициясынан сайланған депутат Давид Лордкипанидземен сөзге келісіп қалған. Депутат оппоненттері өзіне «тіл тигізіп, қол жұмсағанын» айтады.

Қамаудағыларға қолдау көресту ретінде олардың бірнеше жақтасы да қалалық мэрия алдында аштық жариялаған.

«Біртұтас ұлттық қозғалыс» оппозициялық партиясынан сайланған парламент депутаты Серго Ратиани Азаттыққа «төбелесті депутат Лордкипанидзенің өзі арандатқанын» айтып, егер тұтқындағылар жақын арада босатылмаса «оппозиция қатаң шараларға, соның ішінде жаппай наразылық акцияларына» баратыны туралы мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG