Accessibility links

Ұлттық банк интервенцияны жалғастырды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан ұлттық банкі 2 қазанда қор биржасындағы (KASE) саудаға жасаған интервенциясының көлемі 106,5 миллион доллар болғанын хабарлады.

Ал Қазақстан қор биржасында бүгін таңертеңгілік саудада АҚШ долларының бағамы 271 теңге 50 тиынды құрады.

Ұлттық банк алғаш биржадағы валюта саудасына араласа бастаған 16 қыркүйектен бергі интервенция көлемі бір миллиард доллардан асқан. Ұлттық банк 29 қыркүйекте биржада 137,7 миллион, 30 қыркүйекте 225 миллион доллар интервенция жасаған.

Ұлттық банк қор биржасындағы саудаға "теңге бағамының құбылуынан" араласып жатқанын айтады.

KASE-де бүгін таңертеңгі саудада доллардың орташа бағамы 270 теңге 90 тиынды құраған. Бүгін биржада 100 миллион доллар сатылған.

20 тамызда Қазақстан үкіметі теңге бағамын ұстап тұрудан бас тартып, "инфляциялық таргеттеу" саясатына енгізетінін жариялаған.

XS
SM
MD
LG