Accessibility links

ИМ Пальмирадағы Триумф аркасын қиратты


Пальмира қаласындағы ежелгі Триумф аркасы.
Пальмира қаласындағы ежелгі Триумф аркасы.

Сирияның тарихи ескерткіштер қызметі басшысы Мамун Абделкарим бүгін "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының содырлары Пальмира қаласындағы ежелгі Триумф аркасын қиратқанын хабарлады.

Абделкарим ИМ содырлары енді амфитеатр мен колонаданы бұзуды жоспарлайтынын айтты.

Абделкаримнің айтуынша, Пальмирадағы дерек көздері содырлардың біздің заманымыздағы 44-103 жылдары аралығында салынған үш мұнараны жарып жібергенін растаған. Оның айтуынша, қираған жәдігерлер Пальмираның "ең жақсы сақталған және ең әдемі мұнаралары болған".

Пальмира қаласын мамыр айында басып алған ИМ содырлары соңғы екі аптада мұндағы ЮНЕСКО қорғауындағы Бәл Шамин, Бәл ғибадатханаларын және ежелгі үш мұнараны қиратқан.

ИМ тобы өткен жылы Сирия мен Ирактың біраз жерін басып алғаннан кейін аймақтағы христиандар мен мұсылмандардың ежелгі тарихи ескерткіштерін жоюды бастады.

ЮНЕСКО Сириядағы тарихи ескерткіштердің жойылуын "адамзат үшін үлкен қасірет" деп бағалады.

XS
SM
MD
LG