Accessibility links

Анкара: Ресей әскери ұшақтары әуе шекараны бұзды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Түркия сыртқы істер министрі Ресей әскери ұшақтары елдің әуе шекарасын бұзды деп мәлімдеді.

Анкара Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карлов сыртқы істер министрлігіне шақырып, оған бұл оқиға жайлы шағым айтқан.

Түркия 3 қазанда Ресей әскери ұшақтары Сирия жақтан ел шекарасын бұзғанын хабарлады. Түркия сыртқы істер министрлігінің хабарламасында ресейлік ұшақтарды түркиялық F-16 атқыш ұшақтары байқап қалған.

Карлов алдағы уақытта Түркияның әуе шекарасы бұзылса "Мәскеу жауап беруге дайын" екенін айтқан.

Түркия сыртқы істер министрі Феридун Синирлиоглу ресейлік әріптесі Сергей Лавровқа да бұл жайт туралы ескерткен.

XS
SM
MD
LG