Accessibility links

Киев пен сепаратистер қаруларын әкете бастады


Украина шығысындағы сепаратистердің танкісі (Көрнекі сурет)

Украина шығысындағы сепаратистердің танкісі (Көрнекі сурет)

Украина әскері мен сепаратистер елдің шығысындағы соғыс аймағынан шағын калибрлі қаруларын шығара бастады.

Украина әскерінің өкілі Руслан Ткачук екі тарап Луганск облысынан танк, миномет және тағы басқа атқыш қаруларды 5 қазаннан шығара бастағанын айтады. Бұл ақпаратты сепаратистер де растады. Олар алдағы уақытта Донецк облысынан да қарулар шығарылуы мүмкін екенін айтты.

Бұл - ақпандағы Минск шартына сай басталған процесс. Қарулардың шығарылуын ОБСЕ өкілдері бақылап жатыр.

XS
SM
MD
LG