Accessibility links

АҚШ: Кундуздағы әуе шабуылын ауған әскері сұраған


Кундуздағы әуе шабуылына ұшыраған аурухана.
Кундуздағы әуе шабуылына ұшыраған аурухана.

АҚШ-тың Ауғанстандағы коалициясының командиры Қундуздағы ауруханаға әуе шабуылы ауған әскерінің өтініші бойынша жасалғанын мәлімдеді.

3 қазандағы әуе шабуылынан 22 адам қаза тапқан. Олардың арасында "Шекарасыз дәрігерлер" ұйымының өкілдері де бар.

5 қазанда Пентагонда сөз сөйлеген Джон Кэмпбелл "Ауған әскері "Талибан" қоршауында қалғанын айтып, АҚШ-тан әуеден шабуыл ұйымдастыруды сұрағанын" айтты.

Бұған дейін Пентагон "Талибан" әскері АҚШ әскеріне шабуыл жасағандықтан оларға жауап ретінде әуеден соққы берілгенін айтқан.

"Шекарасыз дәрігерлер" ұйымы Кундуздағы әуе шабуылына АҚШ әскерилерін айыптайды.

XS
SM
MD
LG