Accessibility links

Бүгін бокстан әлем чемпионаты басталады


Қазақстан құрамасының мүшесі Жәнібек Әлімханұлы (көк формада).

Қазақстан құрамасының мүшесі Жәнібек Әлімханұлы (көк формада).

Бүгін Катар астанасы Дохада бокстан әлем чемпионаты басталады. Бұл жарысқа Қазақстанның сегіз боксшысы қатысады.

52 килограмм салмақ дәрежесі бойынша биылғы Азия чемпионы Олжас Сәттібаев бірінші айналымда украиналық Игорь Сопинскиймен кездеседі. 60 килограмм салмақтағы Закир Сафиуллин алғашқы кезеңде ресейлік Адлан Абдурашидовпен рингке шығады.

Ал әлемдік рейтингте үздік үштікке енген Қайрат Ералиев (56 килограмм), Данияр Елеусінов (69 килограмм), Жәнібек Әлімханұлы (75 килограмм), Әділбек Ниязымбетов (81 килограмм), Василий Левит (91 килограмм) және Иван Дычко (+91 килограмм) жарысты екінші кезеңнен бастайды. Дохадағы әлем біріншілігінде Рио-де-Жанейро олимпиадасына жолдама беріледі.

2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында Қазақстан төрт алтын, екі күміс және екі қола медаль алған еді.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Дохадағы әлем чемпионатынан екі алтын алуды жоспарлайтындарын айтқан.

XS
SM
MD
LG