Accessibility links

Астанаға Украина президенті Порошенко келеді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Украина президенті Петр Порошенко.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Украина президенті Петр Порошенко.

9 қазан күні Қазақстанға Украина президенті Петр Порошенко ресми сапармен келеді.

Ақорда сайтының хабарлауынша, Назарбаев пен Порошенконың кездесуінде екіжақты қарым-қатынастардың, соның ішінде сауда-экономика саласындағы ынтымақтастықтың мейлінше өзекті мәселелері талқыланады.

Келіссөздер барысында көмір өнеркәсібі, көлік-логистика, агроөнеркәсіп кешені және басқа салалардағы өзара іс-қимыл бойынша келіссөздер жүргізіледі.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко күн тәртібіндегі негізгі халықаралық мәселелер бойынша, соның ішінде Минск келісімін жүзеге асыру жайын да талқылайды.

XS
SM
MD
LG