Accessibility links

ҮЕҰ президентті жаңа заңға қол қоймауға шақырды


Алматыдағы баспасөз мәслихатына қатысып отырған ҮЕҰ мүшелері. 6 қазан 2015 жыл.

Алматыдағы баспасөз мәслихатына қатысып отырған ҮЕҰ мүшелері. 6 қазан 2015 жыл.

Алматыда құқық қорғау ұйымдары мәжілісте қабылданып, сенатқа жіберілген ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдар) туралы заңға келіспейтінін білдіріп, баспасөз мәслихатын өткізді.

Баспасөз мәслихатын ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл заңның қабылдануына 60-тан астам ұйым қарсы болған.

ҮЕҰ өкілдері "жаңа заң ұйымдар қызметін әлеуметтік саламен ғана шеттейді, ал құқық қорғау қызметі заң аясынан тыс қалады. Жобаларға бөлінген қаржының бәрі үкіметтік акционерлік қоғам тарапынан бөлінеді. Бұл акционерлік қоғам - "ҮЕҰ-ны гранттық қаржыландыру саласындағы операторы" деп аталады" дейді.

ҮЕҰ өкілдері Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан бұл заңға қол қоймауға шақырды.

Осыған дейін де бірнеше ҮЕҰ өкілдері жаңа заңды "асығыс-үсігіс, атүсті қарап қабылданған" деп сынаған.

XS
SM
MD
LG