Accessibility links

Астана: Жатақханадағы өрттен бір адам қаза тапты


Өрт шыққан Қазақ агротехникалық университеті жатақханасының маңы. Астана. 6 қазан 2015 жыл.

Өрт шыққан Қазақ агротехникалық университеті жатақханасының маңы. Астана. 6 қазан 2015 жыл.

Астанадағы Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 4-жатақханасында шыққан өрттен бір адам қаза тапқан. Бұл туралы қалалық өрт сөндіру қызметі мәлімдеді.

Қалалық өрт сөндіру қызметі төрағасының орынбасары Алексей Федеров Азаттық тілшісіне он адам құтқарылғанын хабарлады.

Өрт туралы қоңырау қалалық өрт сөндіру бөлімшесіне 14:00-де түскен. Ал өрт шамамен жиырма минуттың ішінде сөндірілген. Өрт сөндіруге бірнеше техника мен мамандар жұмылдырылған. Қазір оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG