Accessibility links

Назарбаевтың портретін ұстаған топты Ақордаға кіргізбеді


Назарбаевтың портретін ұстаған наразы топ. Астана. 6 қазан 2015 жыл.
Назарбаевтың портретін ұстаған наразы топ. Астана. 6 қазан 2015 жыл.

Қолдарына Назарбаевтың портретін ұстаған 20-ға жуық адамды Ақордаға кіргізбей қойды. Олар Ақордаға кіріп, өз шағымдарын тапсырмақ болған.

Ақордаға кіре алмаған наразы топ Министрлер үйі мен Үлттық қауіпсіздік комитеті ғимаратына қарай бет алған. Шараға қатысушы Любовь Боровинцкая Азаттық тілшісіне наразы топтағының барлығы әйелдер екенін және әрқайсы президентке жеке мәселесімен келгенін айтқан. Боровинцкая өзінің жеке мәселесі баспанаға қатысты екенін жеткізді.

- Әрқайсымыздың қолымызда коррупцияға қатысты дәлелдер бар. Сол дәлелдерді президентке көрсеткіміз келді. Оған шынайы ақпарат жетпейді, - дейді Любовь Боровинцая Азаттыққа.

Полиция наразы топтың әрекетін сырттай бақылап тұрған.

XS
SM
MD
LG