Accessibility links

Рахмон: Ауғанстанмен шекарадағы ахуал қатты мазалап отыр


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. Сочи, 6 қазан 2015 жыл.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. Сочи, 6 қазан 2015 жыл.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон сейсенбі күні Сочиде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде өз елін Ауғанстанмен шекарадағы ахуал «қатты мазалап» отырғанын айтты. Оның сөзінше, жағдай күннен күнге ушығып барады.

«Қарулы шайқастар шекара бойының 60 пайызында жүріп жатыр» деген Рахмон.

Путин «екіжақты қарым-қатынастар мен өзімізді сөзсіз мазалайтын аймақтағы ахуалды талқылау қажеттігі» туралы айтқан.

Бұған дейін Ауғанстанда «Талибан» жасағы Тәжікстан шекарасынан 70 шақырым жердегі Кундуз қаласын басып алған. Тәжікстан Ауғанстанмен арадағы 1200 шақырымға созылған шекарасын қорғау үшін Ресей мен өзге де мемлекеттерден жәрдем алады.

XS
SM
MD
LG