Accessibility links

Ердоған: Анкарамен достықтан кетсе Мәскеу көп нәрсе жоғалтады


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған (сол жақта) және Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 23 қыркүйек 2015 жыл.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған (сол жақта) және Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 23 қыркүйек 2015 жыл.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анкарамен достықтан кетсе «Мәскеу көп нәрсені жоғалтады» деп мәлімдеді. Ол Түркия өз әуе кеңістігін бұзатын жағдай тағы қайталанса, жай ғана қарап отырмайтынын ескертті.

НАТО ұйымының шұғыл отырысында ұйымның бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркияның әуе кеңістігін ресейлік ұшақтардың бұзуы кездейсоқ оқиғаға ұқсамайтынын айтқан. Ол Мәскеу түрік шекарасын құрметтеуі тиіс деп санайды.

Түркиядағы Ресей елшілігі жексенбі күні Түркия әуе кеңістігін ресейлік ұшақтың екінші рет бұзуына байланысты бұл аптада ресми Анкарадан наразылық нотасын алған жоқ деп мәлімдеді осы елшіліктің өкілі. Оның алдында Түркия сыртқы істер министрлігі үш күн ішінде ресейлік СУ-24 ұшағының Түркия әуе кеңістігін бұзуы тағы қайталанып отырғанына байланысты Ресей елшісі Андрей Карловқа наразылық нотасын тапсырған деген хабар тараған еді.

Түркия сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде елдің әуе кеңістігін екінші қайтара бұзу оқиғасы қазанның 4-і күні болғаны айтылған. Мәскеу Анкараның мәлімдемесіне әзірше ешқандай комментарий берген жоқ.

Қазанның 3-і күні Түркия мен Сирия шекарасында ресейлік СУ-30 әскери ұшағы түрік әуе кеңістігіне алғаш рет заңсыз кірген. Түркия әуе күштерінің екі ұшағы ресейлік ұшақты ел аумағынан шығуға мәжбүр еткен. Ресей шекараны бұзғанын мойындап, оны «навигация қателігінен болды» деп түсіндерген.

XS
SM
MD
LG