Accessibility links

Ресей: Сирияда құрлықта операция жасамаймыз


Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова. Мәскеу, 6 қазан 2015 жыл.

Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова. Мәскеу, 6 қазан 2015 жыл.

Ресей сыртқы істер министрлігі Мәскеу Сирияда құрлықтағы әскери оперция жүргізуге дайындалып жатқан болуы мүмкін деген болжамды жоққа шығарды.

«Ешқандай құрлықтағы операция, ешқандай «жердегі» әскер жоқ және болуы мүмкін емес» деп мәлімдеген министрліктің ресми өкілі Мария Захарова.

Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Сирияның батысында құрлықта Ресей әскерилері мен қару-жарағының қозғалысы байқалғаны туралы дүйсенбі күні америкалық CNN телеарнасы таратқан ақпаратқа қатысты: «CNN шатастырып алуы мүмкін. Олар Путинді де Ельцинмен шатастырады» деген. Песков Ресейдің Сирияда құрлықтағы операцияларға қатыспайтыны туралы президент Путиннің бұған дейін айтқан сөзін тағы қайталаған.

Ресей Сирия президенті Башар Асадты қолдау үшін ол елде әлгіндей операцияға дайындалып жатуы мүмкін деген ақпаратты CNN Пентагондағы дереккөздеріне сілтеп хабарлаған.

НАТО және онымен байланысы бар мемлекеттер өткен аптада Сирияда террорлық топтарға қарсы әскери әуе күштерін пайдалануды бастаған Ресей, шын мәнісінде Асад үкіметіне қарсы тұрған сириялық оппозиция құрылымдарын нысанаға алып отыр деп алаңдайды. Бұл оппозициялық топтардың кейбіріне Батыс елдері қолдау танытады.

Сейсенбі күні Ресей сыртқы істер министрлігі өкілі Мария Захарова «ресейлік әуе күштері Сирияда террорға қарсы әуе операцияларын бастаған сәттен оның мақсатын әдейі бұрмалап келеді» деп әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарын айыптаған. Сонымен бірге ол АҚШ бастаған халықаралық коалиция Сирия үкіметінің келісімін алмағандықтан, осы елдегі «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы «коалицияның іс-қимылдары заңсыз» деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG