Accessibility links

Путин қазанда Қазақстанға сапармен келмек


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) және Ресей президенті Владимир Путин. Сочи, 15 қыркүйек 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) және Ресей президенті Владимир Путин. Сочи, 15 қыркүйек 2015 жыл.

Қазақстан президенті жанындағы орталық коммуникация қызметінің хабарлауынша, қазан айының ортасында Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді.

Сапар барысында ол Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, онда екіжақты, соның ішінде ғарыш саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды деп хабарланды.

Сонымен бірге Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің арасында Домбаровский позициялық ауданынан әуеге зымырандар жіберу кезіндегі өзара іс-әрекет туралы келісімге қол қойылмақ. Ол зымырандардан бөлінетін бөлшектер түсетін орын ретінде Қазақстан аумағындағы жер учаскесін пайдалану көзделген делінген хабарламада.

XS
SM
MD
LG