Accessibility links

ҚМДБ: Қажылықта бес қазақстандық қайтыс болды


Меккедегі қажылық кезінде зардап шеккендерге көмек көрсеткен жедел жәрдем көлігінің бірі.

Меккедегі қажылық кезінде зардап шеккендерге көмек көрсеткен жедел жәрдем көлігінің бірі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) Меккеде қажылық кезінде бес қазақстандық қайтыс болғанын мәлімдеді.

"Қажылық кезінде қайтыс болған бес қазақстандықтың жасы 80-ге тақап қалған және 80-нен асқан. Барлығы жүрек талмасынан, қан қысымынан қаза тапты" деді басқарманың наиб-муфтиі Серікбай Ораз.

Сауд Арабиясындағы Мина алабында мұсылмандардың қажылық рәсімі кезінде болған кептеліс салдарынан 700-ден астам адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алған. Қазақстан сыртқы істер министрлігі бұл оқиғадан мерт болғандар мен жараланғандар қатарында қазақстандықтар жоқ екенін хабарлаған. Биылғы қажылыққа Қазақстаннан 4 мыңдай адам барды.

XS
SM
MD
LG